«Asfen.forum, жаңа ұрпақ-2024»
II Халықаралық форум

Сіздерді 2024 жылғы 6-7 маусымда Қазақстан, Алматы қаласында өтетін «Асфен.Форум, жаңа ұрпақ-2024» II Халықаралық форумына қатысуға үлкен қуанышпен шақырамыз.

Форум бағдарламасында KazNMU Endowment қорынан жас ғалымдарға арналған жүлделік конкурстар және жетекші ғалымдардың жеке шәкіртақыларына арналған конкурстар кіреді.

Тезистерді онлайн жіберу 2024 жылдың 1 мамырына дейін ашық.

ТЕЗИС МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Біз Сізді Форумымыздың қатысушылары мен спикерлерінің қатарында көруге қуаныштымыз және осы айтулы шараның сәтті өтуіне үлес қосатыныңызға үміттенеміз.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Байболсынова И.Ж. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылыми жобалар мен бағдарламаларды басқару бөлімінің бас маманы, телефон: +7 775 857 7175, e-mail: baibolsynova.i@kaznmu.kz.

Жарияланымдар мен тезистер бойынша кеңес алу үшін байланысатын тұлға:

Онгалова Р.А. – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылыми жобалар мен бағдарламаларды басқару бөлімінің бас маманы, телефон: +7 775 182 73 26, e-mail: ongalova.r@kaznmu.kz


Жеке парақшаңыз барма?Кіру